АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 21 жастағы бойжеткен көпірден секіріп, суға кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусым сағат 23:20 шамасында 1999 жылы туған бойжеткен қаладағы орталық көпірден секіріп кеткен.
Бүгін Жедел құтқару жасағының қызметкерлері оның денесін көпірдің астынан тауып, жағаға шығарған.
Еске сала кетелік, кешеден бері Жайыққа батып кеткен 27 жастағы жігіттің денесі табылмай жатыр.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.