Атырауда 22 көшедегі тұрғын үйлер бірнеше күнге ыстық судан ажыратылады
Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнайлы шаһардың 22 көшесіндегі тұрғын үйлерге ыстық беру уақытша тоқтатылады. Тұрғындар 29 маусымнан 1 шілдеге дейін ыстық сусыз отырады.
«Ыстық су беруді уақытша тоқтату «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның 3 жылу беру пунктіндегі жабдықтарға тексеру және жөндеу жүргізуіне байланысты туындап отыр. Осыған байланысты 26 маусым -1 шілде аралығында Атырау қаласындағы 22 көшеде орналасқан тұрғын үйлерге ыстық су берілмейді.
Мәселен, Л.Ли атындағы №5 жылу пунктінен М.Әуезов, С.Мұқанов, Суворов, М.Мәметова, Шәріпов, Шамин, Бимағанов, Сәуірғалиев, Ватутин, Черняховская, Н.Оңдасынов, Волгоградская, Севастопольская, Одесская, ал, «Орталық-Б» жылу пунктінен Махамбет, Б.Момышұлы, Абай, Г.Канцев, Ш.Уәлиханов, ал Аманшин жылу пунктіне қарайтын Б.Аманшин, Ғ.Әбдірахманов, С.Бейбарыс көшелеріндегі тұрғын үйлерде ыстық су болмайтынын қаперге береміз», - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, аталған көшелерде ыстық су берілмейтін тұрғын үйлердің саны – 122. Оның ішінде көпқабатты және жеке иеліктегі тұрғын үйлер бар.
«Ыстық су беруді 26 маусымда тоқтату жоспарланған еді. Құрбан айт мейрамының алғашқы күніндегі демалысқа байланысты ыстық суды уақытша тоқтату 29 маусымға ауыстырылды», - деп мәлім етті кешеннің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы шағынаудандардың бірінде екі апта ыстық су болмайтынын хабарлаған едік.