Бұл деректі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі растады.
«Кеше, 22 тамызда Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны әйелінің арқа тұсына үшкір
затпен дене жарақатын салған. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер
адам екі күнге қамалған болатын.