АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласында бір жарым жасар бүлдіршін жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған балақай «Жұлдыз» шағынауданының 10-көшесіндегі тұрғын үйден түскі сағат 13:30 шамасында шығып кеткен.
«Баланың есімі –Әли. Үстінде қызылторлы көйлегі, қара түсті қысқа шалбары бар. Оң аяғын сылтып басады. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы баланы іздестіріп жатыр», деп хабарлады депаратменттің баспасөз қызметі.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.