Атырауда джип аударылып 4 адам қаза тапты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы Атырау-Орал жолының бойында болған. Бастапқы нұсқа бойынша «Тойота Ленд Крузер» автомашинасының жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Көлік бірнеше рет аударылған. Оқиға орнында төрт жолаушы - бір ер адам мен үш әйел қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеуі жүргізілуде», деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.