Атырауда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды
Облыстық Полция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған.
«Өзбекстан Республикасының азаматы Атырау қаласында уақытша тұру үшін тіркелмек болған. Алайда, көші-қон бөлімінің қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталығында оның құжаттарын тексеру кезінде халықаралық іздеудегі азамат екенін анықталды. Белгілі болғандай, 32 жастағы ер адам Мордовия Республикасында РФ Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлімімен айыпты деп танылған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бір жыл бұрын құқық қорғау органдары өзбекстандық азаматқа халықаралық іздеу жариялаған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда халықаралық іздеуде болған шетелдік азаматтар ұсталған болатын.