Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 26 қазанда Израиль дәрігерлері облыстық перинаталдық орталықта сегіз ота жасаған.
«Израильден келген 3 дәрігер кесарь тілігімен 7 акушерлік және бір гинекологиялық отаны сәтті өткізді. Сондай-ақ, олар модульдік аурухананың инфекциялық стационарындағы пациенттерге кеңес беріп, күрделі отаға қатысты. Шетелдік дәрігерлер жүкті әйелдерді босандыруға қатысты шұғыл шараларға қатысуға ниет етіп отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында биыл 16 ана өлімі тіркелгенін жазған болатынбыз.