«Өңіріміздегі киелі жерлердің картасын жасау жоспарымызда бар. Бұл жергілікті тұрғындар үшін де, келушілер үшін де пайдалы. Мысалы, аймақтағы киелі жерлердің бірі - танымал діни қайраткер, ағартушы және батыр, Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде дүниеге келген Бекет Атаның ата-анасының қабірі. Бекет Атаның басына бармас бұрын, оның ата-анасына кіріп шығу керек - олар жолдың бойында, Жылыой ауданында жерленген. Қызылқоға ауданында Алып ана, Мәтен қожа атты киелі орындар бар. Атыраудың өзінде халық дәріптейтін Сары ата қабірі орналасқан. Мұндай жерлер өте көп», - деп хабарлады Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғылым департаментінің директоры Әния Ермағамбетова.
14:41, 07 Маусым 2017
Атырауда киелі жерлердің мобильдік қосымшасы жасалынуда
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өңірде орналасқан киелі жерлердің мобильдік қосымшасы жасалынуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.