Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, инфекциялық стационарларда 947 науқас емделу үшін оқшауланған.
«Өңірдегі 2 632 орындық инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 35,9%. Ал 113 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 59 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 52,2%-ды құрап отыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жансақтау бөлімінде 55 науқас жатқанын хабарлаған болатынбыз.