Атырауда жансақтау бөлімінде коронавирусқа шалдыққан 55 науқас жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы жансақтау бөлімінде коронавирус инфекциясына шалдыққан 55 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгін инфекциялық стационарларда 824 адам ем қабылдау үшін оқшауланған.

Өңірдегі 2 428 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарлардағы жүктеме 33,9%-ды құрайды.

Ал, 180 орындық жансақтау бөлімінде 55 пациент жатыр.

«Науқастардың алтауы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 50,9%-ға жетті», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жағдайы ауыр 53 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар