«25 наурыз күні 1965 жылғы Мұхаммад Мұса Абдул Уахаб есімді Пәкістан азаматы полицияға шағым түсірген. Мейрамхана әжетханасында белгісіз екі ер азамат соққыға жығып, денесін жарақаттаған. Факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Олардың кім екендігі анықталды, қазір іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
Бұл оқиға жайлы Атырау қаласында шетелдіктер жиі келетін Blackberry мейрамханасындағы орын алған келеңсіз жағдай бейнеленген таспа әлеуметтік желіге тарап кеткеннен соң белгілі болған.