Атырау облысында 15 желтоқсаннан бері «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатуды анықтау.
«Полиция қызметкерлері 22 желтоқсанда сағат 12:30 шамасында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдында 49 жастағы азаматшаның жаңа жылдық фейерверк сатқаны анықтады. Сондай-ақ, Еркінқала ауылының 30 жастағы тұрғыны 25 желтоқсанда түнгі сағат 22:50 шамасында пиротехникалық бұйымдарды сатып, оны «WhatsАрp» желісінде жарнамалағаны үшін ұсталды. Сол күні СМП-136 шағын ауданындағы «Раш» сауда орталығының алдында 23 жастағы азаматшаның да фейерверк сатқаны белгілі болды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 196-бабымен әкімшілік хаттама толтырылған. Ұсталғандардың әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында дін саласындағы заңнаманы бұзған 98 азамат жауапқа тартылғанын хабарлаған болатынбыз.