Бұған дейін Атырау облысында қатты жел шатырларды ұшырып әкеткен еді. Кейін кардиологиялық орталықтың шатырып ұшып, бір адам ауруханаға түсті.
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін шаһар аумағында дүлей дауыл көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры мен қасбетінің қаптамасы ұшырған. Ағаштар құлап, электр бағаналарына зиян келген.
«Шаһарда орын алған төтенше жағдай қала әкімдігінің бақылауына алынды. Әкімнің тапсырмасымен арнайы мамандар күшейтілген режимде қатты желдің салдарынан болған зардапты жоюға кірісті. Сондай-ақ, әкіммдік тарапынан арнайы топ құрылып, табиғат құбылысынан келтірілген шығынның көлемін анықтап жатыр», -деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.