«Бізде кадр жетіспеушілігіне қатысты мәселе барынша өзекті. Бүгінгі таңда ІІД-ге жергілікті полиция қызметінде істеуге 151 қызметкер қажет. Оның 79-ы - патрульдік қызмет үшін, бұл патрульдік қызметтің 25 экипажы. Сондықтан түнде патрульдеуге 22 экипаж жетіспейді. Сондай-ақ былтыр өңірде ішкі істер органдарынан өз өтінішімен 45 қызметкер жұмыстан кетті», - деп мәлім етті Атырау облыстық ІІД басшысы Аян Дүйсенбаев.
Ол көпшіліктің неліктен полицияға жұмысқа тұрудан қашатын себептерін айтты.
«Қызметке келетіндердің көбісі төмен жалақыға көңілдері толмайды, бұл - айына 80 мың теңге шамасында, сонымен бірге баспанамен қамтылу қарастырылмаған. Биыл біз әкімдіктен қызметкерлерімізге 200 пәтер аламыз деген үмітіміз бар. Бұған қатысты қалалық әкімдікпен келісім жасалған», - деді А. Дүйсенбаев.