Атырау облысында жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің құнын сыртқы ауаның нақты температурасыy ескеріліп, қайта есептеу үшін талдау жүргізілген.
«Өткен жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты жоғары температурасының нәтижесінде тұтынушыларға 2020-2021 жылғы жылу маусымы үшін 5 табиғи монополия субъектісі («Жылыой Су» МКК, «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС, «Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ) бойынша жалпы сомасы 1 074 452,3 теңгенің (қосымша құн салығынсыз) қайта есептеуі жасалды. Оның ішінде «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жалпыүйлік жылу есептеу аспабынсыз – 313 734,28 теңге, ескі, апатты үйлерде – 177 139,0 теңге, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС – 187 287,1 теңге, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК – 103 552,0 теңге, «Жылыой Су» МКМ – 43 128,1 теңге, «Камыскала Су Арнасы» ЖШС-де 249 611,8 теңгені құрады. Ал, жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшкен тұтынушылар төлемдерді жылу энергиясының нақты пайдаланған көлемі бойынша жүргізеді. Бұл тұтынушыларға қайта есептеуді жүргізу қажеттілігі жоқ» -делінген Табиғи монополияларды реттеу комитеті өңірлік департаментінің ақпаратында.