АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда төтенше жағдай режимін 700 полиция қызметкері тәулік бойы қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлік жедел штабтың мәліметінше, шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты Атырау қаласында төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері тартылады.
«Атырау қаласының көшелерінде 17 сәуір, таңғы сағат 7:00-ден бастап 40 патрульдік көлік пен 40 жаяу патруль тәулік бойы жұмыс істейді. Облыс орталығы бірнеше секторға бөлінеді. Әр секторға жауапты тұлғалар бекітіледі», -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.