Атырауда заңсыз қызмет еткен Өзбекстан азаматтары ұсталды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырауда егістік басында және құрылыста заңсыз еңбек еткен Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 ер азамат қала сыртындағы алып құрылыстардың бірінде заңсыз жұмыс істеген.Құрылысшылар 3 қатарлы жатақхана салып жатқан. Олардың барлығына ҚР ӘҚбтК 517-бабы5 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды», - деп хабарладыкөші-қон қызметінің мамандары.

Сонымен қатар, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан Атырау тұрғынына қатыстыәкімшілік шара қолданылып, 126 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Өзбек азаматтары егіс алқаптарында да жұмыс істеген.

Сондай-ақ, өңірдегі ауылдардың біріндегі шаруа қожалығында заңсыз жұмыс істеген 10 азаматанықталды. Олар ел аумағына кіру заңдылығын бұзғанымен қоймай, рұқсатетілмеген қызметпен айналысып, нәпақа тапқан.

Жалпы 16-19 шілде аралығында өткен «Заңсыз келуші» жедел алдын алу шарасыбарысында тиісінше құжаттарын көрсете алмаған 34 шетелдік қабылдап бөлуорталығына жеткізілсе, 14 өзге ел азаматы Қазақстаннан сот үкіміменшығарылған.

Шетелдіктерді заңсыз қызметке тартудың жауапкершілігі барын біле тұра, арзанеңбек күшіне қызыққан 43 Қазақстан азаматы енді қомақты айыппұл төлейтін болады.