Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгін инфекциялық стационарларда 824 адам ем қабылдау үшін оқшауланған.
Өңірдегі 2 428 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарлардағы жүктеме 33,9%-ды құрайды.
Ал, 180 орындық жансақтау бөлімінде 55 пациент жатыр.
«Науқастардың алтауы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 50,9%-ға жетті», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жағдайы ауыр 53 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.