Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде сағат 01:56-де 11 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Жоғалған бала Атырау қаласының маңындағы Еркінқала-2 кентінде тұрған. Ол кеше, кешкі сағат 18:00 шамасында із-түссіз жоғалған.

«Іздестіру кезінде бала тұрған ауданның барлық маңы тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Жайық өзенінің жағасынан велосипед пен баланың заттары табылды. Ал, сағат 8:10-да департаменттің Жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері, 1 техника, 1 кинологиялық құрам, 1 қайығымен Жайық өзені тексерілді. Өкінішке орай жоғалған баланың өлі денесі өзеннің суға түсуге жабдықталмаған жерінен табылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 30 жастағы жігіт суға батып кеткен еді.