«Науқас ауруханаға ауыр халде түсті. Жансақтау бойынша жасалған арнайы шаралар келіншектің өмірін құтқарып қала алмады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Еске салайық, 12 қыркүйек күні Атыраудағы перзентханалардың бірінде 25 жастағы аяғы ауыр келіншек көз жұмған еді. Сол үкні таңертең жүктіліктің 38-39-шы аптасында жүрген келіншек өзін нашар сезініп тұрғанын айтып жедел жәрдемге хабарласқан.