«Жылқылар жасыл желекті жеп қана қоймады, көшеден көшеге өтіп көлік қозғалысына бөгет жасады. Амал жоқ, 13 жылқыны және үш құлынды «Арнайы автобаза» коммунальдық қызметінің айыппұл тұрағына апаруға тура келді. Жылқылардың иесі белгілі болды. 45 380 теңге көлемінде айыппұл төлеген соң малын әкете алады»,-деп мәлім етті аймақ ІІД баспасөз қызметі.
21:18, 11 Маусым 2017
Атырауда жылқы үйірін айыппұл тұрағына қамады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала көшелерінде бос жүрген жылқы үйірі қамалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.