Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, өткен жылы өңір балықшылары 11 мың 600 тонна балық аулаған. Оның 11 мың тоннасы өңделіп, 98% шетел нарығына шығарылды. Қазір балық шаруашылығы саласында 4 800 адам еңбек етеді.
«Қазір өңірде балық шаруашылығы саласын дамыту үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Оның қатарында тоған шаруашылығын дамытуға бағытталған 6 жоба бар. Сондай-ақ, балық шабағын өсіру, балық шабағын өсіру зауытын кеңейту жобаларын іске асыру жоспарланып отыр», - дейді Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында балық өсіруге 2 млрд теңге инвестиция
салынатынын хабарлаған едік.