Бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Нұралы Бектеміровтің мұз үстінде мәнерлеп сырғанағаны туралы видео жариялаған еді.
Ол Құрманғазы ауданының орталығындағы Абай атындағы мектептің 10-сыныбында оқиды.
«Нұралы – кәсіби спортшы емес. Қазір Абай орта мектебінің 10-сыныбында оқиды. Видеоны менің ұлым Әди түсірді. Олар осы роликті түсіру үшін 40 шақырым жердегі теңізге барған. Нұралы конькиді сыйға алғаннан бері мәнерлеп сырғанап жүр» -дейді ағасы Жандос Бектеміров.
Оның айтуынша, ауылдың балалары қысқы мезгілде Шарон өзеніне сырғанауға барады.
Бұл – балалар үшін дене шынықтырудың бір түрі.
«Мәнерлеп сырғанауға бет бұрғаныма үш-төрт жыл болды. Содан бері шеберлігімді шыңдап келемін. Мәнерлеп сырғанау қиын емес», - дейді Нұралы Бектеміров.