Әннің бейнежазбасы facebook желісінде жарияланды.
«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Біз Олег мен Юрий Атанасов челленджді (Алғыс айту – ред.) қабыл алдық. Қазақ еліне шексіз алғысымды айтамын! Қазақ халқы мен орыс халқы дос болсын! Қабыл алыңыздар!», - дейді Ю. Атанасов.
Атасы мен немересі домбырамен «Еркем-ай» әнінің мақамымен арнау айтты.
Айта кетейік, жыл сайын 1 наурыз күні елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні аталып өтеді. Бұл күні ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына пана болған қазақ халқына өзге ұлт өкілдері алғыс айтады.