23 маусым күні ауруханаға оқиға орнынан жарақат алған үш адам: 16 жастағы күдікті мен екі полиция қызметкері жеткізілді.
Полицейлердің бірі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Астанаға жіберілді, себебі, ол іссапарға елордадан келген болатын.
Екінші полицей, облыстық ІІД-нің шұғыл әрекет ету арнайы жасағының 30 жастағы қызметкері мен 16 жасар күдікті дәрігерлердің қарауында.
Аурухананың бас дәрігері Сәубет Келімбердиевтің айтуынша, жарақат алғандардың өмірлеріне қазір қауіп жоқ, олардың жағдайы - қанағаттанарлық.
Науқастардың палаталары күзетілуде, туыстарының келуін тәртіп сақшылары қадағалап отыруда.