Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Фото: Дарья Аверченко /Kazinform

Жетісу облысы

2026 жылғы 20 қазан сағат 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты жазғы дөңгелектермен жабдықталған көліктің барлық түрі үшін келесі республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы 1013 — 1062 шақырым арасы (Абай облысының шекарасы — «Рубеж» бекеті);

1089 — 1191 шақырым арасы (Өскемен қаласы — Шемонаиха қаласы);

1194 — 1212 шақырым арасы (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы);

- «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолы 7 — 166 шақырым арасы (Ушановское ауылы — Алтай қаласы);

- «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолы 15 — 105 шақырым арасы (Белоусовка кенті — Риддер қаласы);

- «Өскемен — Семей» автожолы км 12 — 45 (ШҚО-дағы Қазақ ауылының бұрылысынан Таврия ауылына дейін); 48 — 103 шақырым арасы (Таврия ауылы — Абай облысының шекарасы).

Сонымен қатар бүгін, 20 қазан сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктерінің қозғалысына келесі республикалық маңызы бар автожол учаскесінде шектеу енгізіледі:

- «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолы KZ16-01, 7 — 166 шақырым арасы (Ушановское ауылы — Алтай қаласы).

22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахманов қайнарлары» автожолының 7 — 166 шақырым аралығында (Ушановское ауылы — Алтай қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Жолдарды 2026 жылғы 21 қазан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.


Абай облысы

Бүгін, 20 қазан сағат 20:00-де Шығыс Қазақстан облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты жазғы шиналармен жабдықталған көліктің барлық түрі үшін келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «Өскемен — Семей» автожолы 103 — 198 шақырым арасы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы 971 — 1013 шақырым арасы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы).

Жолдарды 2026 жылғы 21 қазан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, 21 қазаннан бастап Қонаев – Талдықорған автожолында орташа жылдамдық бақыланады.