Ақтөбе облысы
«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 5-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтық елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін);
Қостанай облысы
«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 234-310 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасынан Адаевка ауылына дейін) жабық.
Жолды 29 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Еске сала кетейік, ауа райына байланысты кеше 28 желтоқсан күні түнде 4 өңірде жол қозғалысы шектелді.