Ауа райына байланысты Ұлытау және Қостанай облыстарында жол жабылды
18:09, 29 Қаңтар 2025
АСТАНА.KAZINFORM - ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2025 жылғы 29 қантар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Ұлытау облысы:
- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 37-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қостанай облысы:
- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-339 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, елімізде тағы бір автожолда жылдамдық 60 км/сағ дейін шектеледі.