Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылды

Фото: freepik.com

ТАРАЗ.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.

- 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 18:30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Жолды 10 қантар сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылатынын жазған болатынбыз.