АУА РАЙЫ: БҚО мен Ақтөбе облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

«27 шілдеде БатысҚазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауылсоғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ғажетеді. Орал қаласында 27 шілдеде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады.Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ға жетеді» делінгенхабарламада.

Сондай-ақ, 27шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктенжел соғады, кей жерлерінде жылдамдығы 18 м/с-ға жетеді.

Ақтөбе қаласында27 шілдеде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с болады.