Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.