Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.