Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.