Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.