Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетпек.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.