Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ байқалады, бұрқасын болады.
Атырау облысында желдің екпіні 18-23 м/с болады.