Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.