Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.
Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.