Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз найзағай болады. Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады.
Ақтөбе, Қостанай, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.