Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Күндіз Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтиамал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтиамал.
Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Алматы облыстарында, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.