Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел соғады, күші 15-20 м/с.
Алматы облысының Алакөл көлінің аймағында жел соғады, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман байқалады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз тұман, көктайғақ болады, көптеген бөліктерінде жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.