АУА РАЙЫ: Бүгін орталықта, солтүстік-батыста және солтүстікте топырақ бетінде үсік жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Орталықта, солтүстік-батыста және солтүстікте топырақ бетінде үсік жүреді. Солтүстікте және орталықта кей жерлерінде тұман күтіледі. Кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Түнде Ақмола облысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында, түнде  Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай болады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысында  қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан,  Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Алматы облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде,  Шығыс Қазақстан,  Ақмола, Қостанай  облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.