Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында, таңертең және күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.