АУА РАЙЫ: Еліміздің үш облысында қатқақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман болып, желдің күшеюі сақталады. Қазақстанның солтүстік және орталық бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Маңғыстау және Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус, Ақмола облысында 2 градус, Қарағанды облысында 2 градус үсік сақталады.