Атап айтқанда, Қазгидромет ақпаратына сәйкес, 26 наурыз күні Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында жаңбырдың артынша қар жауып, тұман түсуі мүмкін.
26-27 наурыз аралығында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 27 наурызда Павлодар облыстарында жауын-шашын түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -7, -12, кей жерлерде -17 градус суық болады. Жолдар тайғақ болуы мүмкін.
«Жол полициясы мұндай жағдайда жүргізушілерге жылдамдықты міндетті түрде төмендетуді әрі көліктер арасындағы ара қашықтықты алшақ ұстауды кеңес етеді», - дейді Жол полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина.