Аударыспақ: Қазақстан қоржынына екі алтын, бір күміс түсті

Фото: Фото: Туризм және спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін аударыспақтан үш салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды.

100 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Сырым Ізбасаров финалда моңғол спортшысы Ерболат Жеңісбекті жеңіп, алтын медаль еншіледі. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ал 100 келіден жоғары салмақта бақ сынаған қазақстандық Біржан Қосалиев ақтық сында Қырғызстан спортшысы Күмушбек Қыдырәлиевті жеңіп, алтынға қол жеткізді. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

90 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Есімхан Рахматіллә финалда Қырғызстан спортшысы Ислам Бердібекуулынан жеңіліп, күміс медаль алды.

Аударыспақтан ұлттық құраманың барлық спортшысы финалға шыққанын жазған болатынбыз.