«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысының ауыр түрін жасау күдігі бойынша Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында.
Олардың әрекеті Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісіндегі қылмыстық істе қаралуда.
«Олар Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысынан тексерілетін «Жамбыл ауданының Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу және салу» нысаны бойынша аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда», - деді ол.