— Әуежайлар инфрақұрылымына тоқталсақ, алдағы үш жылдың ішінде олардың модернизациясын жасаймыз. Ірі әуежайлармен қатар, өңірлік шағын нысандарға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туристік Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі аэропорттарының құрылысы және Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары істеліп жатыр, — деді Нұрлан Суранбаев.
Оның айтуынша, аэрохабтарды дамыту жұмысы 6 ірі әуежайға бағытталған (Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент).
Ол үшін институционалдық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасалып жатыр.
— Аэропорттардың жаңарту жұмыстарының негізгі бөлігі жеке инвестиция есебінен іске асып келеді. Атап айтқанда, 14 мамырдағы Түркия Республикасы Президентінің сапары барысында Алматы әуежайын жаңғырту бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды, — деді министр.
Бұған дейін қазақстандық әуе компанияларына Таяу Шығыстағы жағдай қалай әсер етіп жатқанын жазған едік.
2025 жылы қазақстандық әуе компаниялар 15 млн жолаушы тасымалдады. Биылғы алғашқы 4 айда жолаушылар саны 4 млн-нан асты.