Ауғанстан аумағында бүгін екінші рет жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 11 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 10:52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Photo: ekonomigundemi.com.tr

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 963 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 11.3.

MPV магнитудасы – 5.3.Эпицентр координаттары - 36,62°, солтүстікке қарай – 69,58° шығысқа қарай.Тереңдігі - 40 км.Сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл Ауғанстан аумағында бүгін болған екінші жерасты дүмпуі. Алматы уақытымен сағат 09:37-де тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 5,4 балл болды.