Ауғанстанда болған жер сілкінісі Шымкент пен Тараз қалаларында сезілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 58 минут 44 секундта (Гринвич уақыты бойынша 03 сағат 58 минут 44 секундта) жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 888 шақырым жерде, Ауғанстан мемлекетінің аумағында орналасқан. Жерасты дүмпуінің энергетикалық күші - 14.7. Магнитудасы MPV 6.2. Тереңдігі - 250 шақырым. Сезілу шкаласы бойынша жер сілкінісі Шымкент пен Тараз қалаларында 2-3 балды көрсетті.